Бетадерм в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению бетадерма в мази, описание действия препарата, показания к применению мази бетадерма, взаимодействие с другими лекарствами, применение бетадерма (мазь) при беременности. Инструкции: Бетадерм в креме;
Торговое название: Бетадерм®
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Мазь для наружного применения, 15 г
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D07 Кортикостероиды для применения в дерматологии
D07C Кортикостероиды в комбинации с антибиотиками
D07C C Активные кортикостероиды в комбинации с антибиотиками
Фарм. группа:
Глюкокортикостероиды для местного лечения заболеваний кожи. Глюкокортикостероиды в комбинации с антибиотиками. Бетаметазон в комбинации с антибиотиками. Код АТХ D 07CС01
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25oС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять препарат по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Белая или почти белая, полупрозрачная, жирная, мягкая масса.

Состав бетадерма в мази

1 г мази содержит
1 г жақпамайдың құрамында

Активное вещество бетадерма

бетаметазон (в виде дипропионата) 0,50 мг, гентамицин (в виде сульфата) 1,00 мг
0,50 мг бетаметазон (дипропионат түрінде), 1,00 мг гентамицин (сульфат түрінде)

Вспомогательные вещества в бетадерме

парафин жидкий, спирт ланолиновый, спирт цитостеариновый, бутилгидрокситолуол, бутилгидроксианизол, вазелин белый
сұйық парафин, ланолин спирті, цитостеарин спирті, бутилгидрокситолуол, бутилгидроксианизол, ақ вазелин

Показания к применению мази бетадерма

  • сухие воспалительные состояния кожи (дерматозы)
  • аллергодерматозы, осложненные вторичной бактериальной инфекцией и протекающие с излишним кератозом, зудом или сильными аллергическими реакциями
  • атопический дерматит, себорейный дерматит, простой хронический лишай, роговеющая экзема, псориаз
  • аллергический контактный дерматит
  • кожная форма красной волчанки, полиморфная эритема
Учитывая наличие в составе сильнодействующего глюкокортикостероида, мазь Бетадерм® необходимо применять в остром периоде заболевания, в течение короткого периода времени, на небольшой поверхности кожи.
  • терінің құрғақ қабыну жағдайларында (дерматоздарда)
  • екінші қайтара бактериялық жұқпамен асқынған және шамадан тыс кератозбен, қышынумен немесе күшті аллергиялық реакциялармен қоса жүретін аллергодерматоздарда
  • атопиялық дерматитте, себореялы дерматитте, жай созылмалы теміреткіде, мүйізденетін экземада, псориазда
  • аллергиялық жанаспалы дерматитте
  • қызыл жегінің терілік түрінде, полиморфты эритемада.
Құрамында күшті әсер ететін глюкокортикостероидтың бар екендігін ескеріп, Бетадерм® жақпамайын аурудың жедел кезеңінде терінің аздаған бетіне қысқа уақыт ішінде қолдану қажет.

Противопоказания бетадерма в мази

  • повышенная чувствительность к кортикостероидам, гентамицину или составляющим основы мази
  • вирусные, грибковые или туберкулезные заболевания кожи
  • новообразования кожи
  • розовые и юношеские угри, ветряная оспа
  • флебиты и трофические язвы
  • детский и подростковый возраст до 12 лет
  • беременность и период лактации
Не следует применять на участках обширного поражения кожи, особенно протекающих с нарушением целостности кожи, например, при ожогах. Не применять продолжительное время (более 2 недель). Не применять на коже лица.
  • кортикостероидтарға, гентамицинге немесе жақпамайдың негізін құраушы заттарға жоғары сезімталдық
  • терінің вирусты, зеңді немесе туберкулез аурулары
  • терінің жаңа түзілістері
  • кызғылт және жасөспірімдік безеулер, желшешек
  • флебиттерде және трофикалық ойық жаралар
  • балаларға және 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
  • жүктілікте және лактация кезеңі
Терінің ауқымды зақымданған жерлеріне, әсіресе терінің тұтастығы бүлінуімен қатар жүретін, мысалы, күйіктерде қолданбаған жөн. Ұзақ уақытқа (2 аптадан астам) қолдануға болмайды. Бет терісіне қолданбау керек.

Побочные действия мази бетадерма

  • угревая сыпь, стероидная пурпура, угнетение роста эпидермиса, атрофия подкожной клетчатки, сухость кожи, депигментация или гиперпигментация кожи, атрофия кожи и стрии, телеангиэктазии, фолликулит
  • крапивница, пятнисто-узелковая сыпь (редко)
  • обратимое уменьшение секреции адренокортикотропного гормона (АКТГ) в результате угнетения гипофизарно-надпочечниковой системы (уже после однократного применения 7 г мази)
  • при продолжительном применении может развиться системное действие препарата, характеризующееся появлением отеков, гипертензии, снижением резистентности организма к инфекциям
  • периоральный дерматит при применении на коже лица
  • при применении на коже век может вызывать усиление проявлений глаукомы или ускорение развития катаракты
  • ототоксичность в случае, если мазь наносится на слизистые оболочки или значительную поверхность кожи, в особенности поврежденную патологическим процессом
  • безеу бөртпесі, стероидты пурпура, эпидермистің өсуінің басылуы, теріасты шелмай атрофиясы, терінің құрғауы, терінің депигментациясы немесе гиперпигментациясы, тері атрофиясы немесе стриялар, телеангиэктазиялар, фолликулит
  • есекжем, дақты-түйінді бөртпе (сирек)
  • гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі қызметінің төмендеуі нәтижесінде адренокортикотропты гормон (АКТГ) секрециясының қайтымды азаюы (7 г жақпамайды бір рет қолданғаннан кейін-ақ)
  • ұзақ қолданған кезде ісінулердің, гипертензияның пайда болуымен, организмнің жұқпаларға төзімділігінің төмендеуімен сипатталатын препараттың жүйелік әсері дамуы мүмкін
  • бет терісіне қолданған кезде периоральды дерматит
  • қабақ терісіне қолданған кезде глаукома біліністері күшеюі немесе катарактаның дамуы жылдамдауы мүмкін
  • жақпамай шырышты қабықтарға немесе терінің ауқымды беткейіне, әсіресе патологиялық үдерістерден зақымданған бөлігіне, жағылған жағдайда отоуыттылық байқалады

Особые указания к применению

Необходимо избегать длительного применения, так как при этом увеличивается частота появления побочных действий и может развиться резистентность бактерий к гентамицина сульфату. В случае активизации инфекции на месте применения мази, необходимо применить дополнительное противомикробное или противогрибковое лечение. Если симптомы инфекции не проходят, необходимо прекратить применение мази на период полного излечения инфекции.

Не следует применять лекарственное средство на коже лица в связи с возможностью появления телеангиэктазий, периорального дерматита. На коже в подмышечной и паховой области применять мазь только в случаях крайней необходимости. Не следует применять мазь под окклюзионной повязкой, так как это может привести к атрофии эпидермиса, появлению стрий, развитию суперинфекции. С осторожностью следует применять при атрофии подкожной клетчатки, особенно у лиц пожилого возраста.

Особенности влияния на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами
Лекарственное средство не ограничивает психофизическую работоспособность, способность к управлению транспортными средствами и обслуживанию потенциально опасных устройств.
Ұзақ уақыт қолданбау қажет, өйткені мұндайда жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі артады және бактериялардың гентамицин сульфатына төзімділігі дамуы мүмкін. Жақпамайды қолданған жерде жұқпалар белсенділенген жағдайда микробтарға қарсы немесе зеңге қарсы қосымша ем қолдану қажет.

Егер жұқпа белгілері жоғалмаса, жұқпадан толық жазылу кезеңінде жақпамайды қолдануды тоқтату қажет. Дәрілік затты, телеангиэктазиялардың, периоральды дерматиттің пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты, бет терісіне қолданбаған жөн. Қолтық астының және шап аймақтарының терісіне жақпамайды тек өте қажет болған жағдайларда ғана қолдану керек.

Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн, өйткені бұл эпидермис атрофиясына, стриялардың пайда болуына, супержұқпаның дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. Теріасты шелмайы атрофиясында, әсіресе егде жастағы адамдарға, абайлап қолданған жөн.

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Дәрілік зат психофизикалық жұмыс қабілетін, көлік құралын басқару және қауіпті құрылғылармен қызмет көрсету қабілеттерін шектемейді.

Дозировка и способ применения

Взрослым и детям старше 12 лет. Наносят небольшое количество мази на пораженную поверхность кожи, 1-2 раза в день. Не следует применять мазь под окклюзионной повязкой. Не следует проводить лечение без перерыва дольше 2 недель.
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға. Жақпамайдың аздаған мөлшерін зақымданған тері беткейіне күніне 1-2 рет жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн. Емді үзіліссіз 2 аптадан астам жүргізуге болмайды.

Взаимодействие с лекарствами

Во время лечения мазью Бетадерм® не следует делать прививки против оспы, а также проводить другие виды иммунизации, в связи с опасностью появления иммунологического дефицита в виде обнаружения антител. Усиливает действие иммуносупрессивных препаратов и ослабляет действие иммуностимулирующих препаратов.
Бетадерм® жақпамайымен емдеу кезінде, антидененің табылуы түрінде білінетін иммунологиялық тапшылықтың пайда болу қаупіне байланысты, шешекке қарсы егу жасамаған, сондай-ақ иммунизацияның басқа түрлерін жүргізбеген жөн. Иммуносупрессивті препараттардың әсерін күшейтеді және иммунитетті ынталандыратын препараттардың әсерін әлсіретеді.

Передозировка бетадермом в мази

Может наблюдаться после длительного применения на обширной поверхности кожи.

Симптомы
: уменьшение резистентности организма к инфекциям, гипертензия, отеки, симптомы болезни Кушинга.

Лечение
: симптомы передозировки проходят после отмены препарата.
Терінің ауқымды бетіне ұзақ уақыт қолданғанда байқалуы мүмкін.

Симптомдары
: организмнің жұқпаларға төзімділігінің азаюы, гипертензия, ісінулер, Кушинг ауруының белгілері.

Емі
: артық дозалану белгілері препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін жоғалады.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Бетаметазона дипропионат легко всасывается через роговой слой кожи. Биотрансформируется главным образом в печени. В виде соединений с глюкуроновой кислотой и в небольшом количестве в неизмененном виде выводится в основном с мочой и в меньшем количестве - с желчью. Всасывание бетаметазона дипропионата через кожу увеличивается при применении на нежной коже в области складок, при применении на коже с поврежденным эпидермисом или коже, поврежденной воспалительным процессом. Всасывание увеличивается при частом применении лекарственного средства или после применения на значительной поверхности кожи. Всасывание бетаметазона дипропионата через кожу у детей происходит быстрее, чем у взрослых.

Гентамицина сульфат после наружного применения на неповрежденную кожу не абсорбируется. При применении на поврежденную кожу может всасываться в кровяное русло. Гентамицина сульфат не биотрансформируется в организме и выводится с мочой в неизмененном виде.
Бетаметазон дипропионаты терінің мүйізгекті қабаты арқылы оңай сіңеді. Негізінен бауырда биоөзгеріске ұшырайды. Глюкурон қышқылымен қосылыс түрінде және аздаған мөлшерде өзгермеген күйінде негізінен несеппен бірге және аз мөлшерде өтпен бірге шығарылады. Бетаметазон дипропионатының тері арқылы сіңуі қатпарлы аймақтың нәзік терісіне қолданған кезде, эпидермисі зақымданған теріге немесе қабыну үдерісімен зақымданған теріге қолданған кезде артады. Дәрілік затты жиі қолданғанда немесе терінің ауқымды бетіне қолданғаннан кейін сіңуі артады. Бетаметазон дипропионатының тері арқылы сіңуі балаларда, ересектерге қарағанда, тезірек жүреді. Зақымданбаған терінің сыртына қолданғанда гентамицин сульфаты сіңбейді. Зақымданған теріге қолданған кезде қан арнасына сіңуі мүмкін. Гентамицин сульфаты организмде биоөзгеріске ұшырамайды және несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады.

Фармакодинамика

Свойства мази Бетадерм® обусловлены сочетанным действием бетаметазона дипропионата и гентамицина сульфата.

Бетаметазона дипропионат является синтетическим фтористым производным гидрокортизона, оказывает сильное противовоспалительное, противозудное, противоаллергическое и сосудосуживающее действие. Обладает липофильными свойствами и легко проникает через кожу в организм. Уменьшает воспалительные процессы путем угнетения продукции простагландинов и лейкотриенов, вследствие угнетения активности фосфолипазы А2 и уменьшения освобождения арахидоновой кислоты из фосфолипидов клеточных мембран, а также оказывает противоаллергическое действие путем угнетения развития местных аллергических реакций. Вследствие местного, сосудосуживающего действия уменьшает экссудативные реакции. Уменьшает синтез белка, отложение коллагена. Ускоряет биотрансформацию белков в коже и ослабляет пролиферативные процессы.

Гентамицина сульфат относится к антибиотикам из группы аминогликозидов. Бактерицидное действие обусловлено нарушением структуры и функции цитоплазматической мембраны, нарушением синтеза РНК на уровне 30S-субъединицы рибосом. Активен по отношению к Streptococus spp. (бета-гемолитические и альфа-гемолитические группы А), Staphylococcus spp. (коагулазо-положительные и коагулазо-отрицательные и некоторые штаммы, продуцирующие пенициллиназу), грамотрицательным бактериям, а именно: Escherichia coli, Proteus spp., Pseudomonas aeruginosa, а также Klebsiella spp., Enterobaсter spp., Serratia spp., Citrobacter spp., Salmonella spp., Shigella spp.
Бетадерм® жақпамайының қасиеттері бетаметазон дипропионаты мен гентамицин сульфатының біріктірілген қасиеттерімен жүзеге асырылады.

Бетаметазон дипропионаты гидрокортизонның синтетикалық фторлы туындысы болып табылады, қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы және қантамырларды тарылтатын күшті әсер береді. Липофильді қасиеттері бар және тері арқылы организмге оңай енеді. Қабыну үдерістерін А2 фосфолипаза белсенділігінің басылуы және арахидон қышқылының жасуша жарғақшаларының фосфолипидтерінен босап шығуының азаюы салдарынан простагландиндердің және лейкотриендердің өндірілуін басу арқылы азайтады, сондай-ақ жергілікті аллергиялық реакциялардың дамуын басу арқылы аллергияға қарсы әсер етеді. Жергілікті, қантамырды тарылту әсері салдарынан экссудативті реакцияларды азайтады. Ақуыз синтезін, коллагеннің жиналып қалуын азайтады. Теріде ақуыздардың биоөзгеріске ұшырауын жылдамдатады және пролиферациялық үдерістерді әлсіретеді.

Гентамицин сульфаты аминогликозидтер тобының антибиотиктеріне жатады. Бактерицидтік әсері цитоплазмалық жарғақша құрылымының және функциясының бұзылуымен, РНҚ синтезінің рибосомалардың 30S-суббірлігі деңгейінде бұзылуымен жүзеге асырылады. Мыналарға қатысты белсенді әсері бар: Streptococus spp. (бета-гемолитикалық және альфа-гемолитикалық А тобы), Staphylococcus spp. (коагулазо-оң және коагулазо-теріс және пенициллиназа өндіретін кейбір штамдар), грамтеріс бактериялар, атап айтқанда: Escherichia coli, Proteus spp., Pseudomonas aeruginosa, сондай-ақ Klebsiella spp., Enterobaсter spp., Serratia spp., Citrobaсter spp., Salmonella spp., Shigella spp.

Упаковка и форма выпуска

Мазь 15 г в алюминиевые тубы с лакированной внутренней поверхностью. Тубу помещают в литографированную картонную пачку вместе с инструкцией по применению.
Ішкі беті лакталған алюминий сықпада 15 г жақпамай. Сықпа қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге литографиялық картон қорапқа салынған.