Бетадерм в креме — инструкция по применению

Инструкция по применению бетадерма в креме, описание действия препарата, показания к применению крема бетадерма, взаимодействие с другими лекарствами, применение бетадерма (крем) при беременности. Инструкции: Бетадерм в мази;
Торговое название: Бетадерм®
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Крем для наружного применения, 15 г
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D07 Кортикостероиды для применения в дерматологии
D07C Кортикостероиды в комбинации с антибиотиками
D07C C Активные кортикостероиды в комбинации с антибиотиками
Фарм. группа:
Глюкокортикостероиды для местного лечения заболеваний кожи. Глюкокортикостероиды в комбинации с антибиотиками. Бетаметазон в комбинации с антибиотиками. Код АТХ D07CC01
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25oС. Не замораживать! Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять препарат по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту.
Описание:
Однородная масса белого цвета с характерным запахом.

Состав бетадерма в креме

1 г крема содержит
1 г кремнің құрамында

Активное вещество бетадерма

бетаметазон (в виде дипропионата) 0,50 мг, гентамицин (в виде сульфата) 1,00 мг
0,50 мг бетаметазон (дипропионат түрінде), 1,00 мг гентамицин (сульфат түрінде)

Вспомогательные вещества в бетадерме

хлор-м-крезол, спирт цитостеариновый, вазелин белый, парафин жидкий, кремофор А25, натрия гидрофосфат, калия дигидрофосфат, хемодерм 841, пропиленгликоль, динатрия версенат, вода очищенная
хлор-м-крезол, цитостеарин спирті, ақ вазелин, сұйық парафин, кремофор А25, натрий гидрофосфаты, калий дигидрофосфаты, хемодерм 841, пропиленгликоль, динатрий версенаты, тазартылған су

Показания к применению крема бетадерма

  • сухие воспалительные состояния кожи (дерматозы)
  • аллергодерматозы, осложненные вторичной бактериальной инфекцией и протекающие с излишним кератозом, зудом или сильными аллергическими реакциями
  • атопический дерматит, себорейный дерматит, простой хронический лишай, роговеющая экзема, псориаз
  • аллергический контактный дерматит
  • кожная форма красной волчанки, полиморфная эритема
Учитывая наличие в составе сильнодействующего глюкокортикостероида, крем Бетадерм® необходимо применять в остром периоде заболевания, в течение короткого периода времени, на небольшой поверхности кожи.
  • терінің құрғақ қабыну жағдайларында (дерматоздарда)
  • екінші қайтара бактериялық жұқпамен асқынған және шамадан тыс кератозбен, қышынумен немесе күшті аллергиялық реакциялармен қоса жүретін аллергодерматоздарда
  • атопиялық дерматитте, себореялы дерматитте, созылмалы қарапайым теміреткіде, мүйізденетін экземада, псориазда
  • аллергиялық жанаспалы дерматитте
  • қызыл жегінің терілік түрінде, полиморфты эритемада.
Құрамында күшті әсер ететін глюкокортикостероидтың бар екендігін ескеріп, Бетадерм® кремін аурудың жедел ағымды кезеңінде терінің аздаған бетіне қысқа уақыт қолдану қажет.

Противопоказания бетадерма в креме

  • повышенная чувствительность к кортикостероидам, гентамицину или составляющим основы крема
  • вирусные, грибковые или туберкулезные заболевания кожи
  • новообразования кожи
  • розовые и юношеские угри, ветряная оспа
  • флебиты и трофические язвы
  • беременность и период лактации
  • детский и подростковый возраст до 12 лет
Не следует применять на участках обширного поражения кожи, особенно протекающих с нарушением целостности кожи, например, при ожогах. Не применять продолжительное время (более 2 недель). Не применять на коже лица.
  • кортикостероидтарға, гентамицинге немесе кремнің негізін құраушыға сезімталдық жоғары болғанда
  • терінің вирусты, зеңді немесе туберкулез ауруларында
  • терінің жаңа түзілімдері
  • қызғылт және жасөспірімдік безеулерде, желшешекте
  • флебиттерде және трофикалық ойық жараларда
  • жүктілікте және лактация кезеңінде
  • балаларға және 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
Терінің ауқымды зақымданған жерлеріне, әсіресе терінің тұтастығы бүлінгенде, мысалы, күйіктерде қолданбаған жөн. Ұзақ уақытқа (2 аптадан астам) қолдануға болмайды. Бет терісіне қолданбау керек.

Побочные действия крема бетадерма

  • угревая сыпь, стероидная пурпура, угнетение роста эпидермиса, атрофия подкожной клетчатки, сухость кожи, депигментация или гиперпигментация кожи, атрофия кожи и стрии, телеангиэктазии, фолликулит
  • крапивница или пятнисто-узелковая сыпь (редко)
  • обратимое уменьшение секреции адренокортикотропного гормона (АКТГ) в результате угнетения гипофизарно-надпочечниковой системы (уже после однократного применения 7 г мази)
  • при продолжительном применении может развиться системное действие препарата, характеризующееся появлением отеков, гипертензии, снижением резистентности организма к инфекциям
  • периоральный дерматит (при применении на коже лица)
  • при применении на коже век может вызывать усиление проявлений глаукомы или ускорение развития катаракты
  • ототоксичность в случае, если крем наносится на слизистые оболочки или значительную поверхность кожи, в особенности поврежденную патологическим процессом
  • безеу бөртпесі, стероидты пурпура, эпидермистің өсуінің басылуы, теріастылық шелдің атрофиясы, терінің құрғауы, терінің депигментациясы немесе гиперпигментациясы, тері атрофиясы немесе cтриялар, телеангиэктазиялар, фолликулит
  • есекжем немесе дақты-түйінді бөртпе (сирек)
  • гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі қызметінің төмендеуі нәтижесінде адренокортикотропты гормон (АКТГ) секрециясының қайтымды азаюы (7 г жақпамайды бір рет қолданғаннан кейін-ақ)
  • препараттың, ұзақ қолданған кезде ісінулердің, гипертензияның пайда болуымен, организмнің жұқпаларға төзімділігінің төмендеуімен сипатталатын, жүйелік әсері дамуы мүмкін
  • периоральді дерматит (бет терісіне қолданған кезде)
  • қабақ терісіне қолданған кезде глаукома біліністері күшеюі немесе катарактаның дамуы жылдамдауы мүмкін
  • егер крем шырышты қабықтарға немесе терінің ауқымды бетіне, әсіресе патологиялық үдерістерден зақымданған бөлігіне жағылса, отоуыттылық байқалады

Особые указания к применению

Необходимо избегать длительного применения, так как при этом увеличивается частота появления побочных действий и может развиться резистентность бактерий к гентамицина сульфату. В случае активизации инфекции на месте применения крема, необходимо применить дополнительное противомикробное или противогрибковое лечение.

Если симптомы инфекции не проходят, необходимо прекратить применение крема на период полного излечения инфекции. Не следует применять лекарственное средство на коже лица в связи с возможностью появления телеангиэктазий, периорального дерматита. На коже в подмышечной и паховой области применять крем только в случаях крайней необходимости.

Не следует применять крем под окклюзионной повязкой, так как это может привести к атрофии эпидермиса, появлению стрий, развитию суперинфекции. С осторожностью следует применять при атрофии подкожной клетчатки, особенно у лиц пожилого возраста.

Особенности влияния на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами
Лекарственное средство не ограничивает психофизическую работоспособность, способность к управлению транспортными средствами и обслуживанию потенциально опасных устройств.
Ұзақ уақыт қолданбау қажет, өйткені мұндайда жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі артады және бактериялардың гентамицин сульфатына төзімділігі дамуы мүмкін. Кремді қолданған жерде жұқпалар белсенділенген жағдайда микробтарға қарсы немесе зеңге қарсы қосымша ем қолдану қажет. Егер жұқпа белгілері жоғалмаса, жұқпадан толық жазылу кезеңінде кремді қолдануды тоқтату қажет.

Дәрілік затты, телеангиэктазиялардың, периоральді дерматиттің пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты, бет терісіне қолданбаған жөн. Қолтық астының және шап аймақтарының терісіне кремді тек өте қажет болған жағдайларда ғана қолдану керек. Кремді окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн, өйткені бұл эпидермис атрофиясына, стриялардың пайда болуына, супержұқпаның дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. Теріастылық шелдің атрофиясы кезінде, әсіресе егде жастағы адамдарға, абайлап қолданған жөн.

Көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Дәрілік зат психофизикалық жұмыс қабілетін, көлікті басқару және қауіпті құрылғылармен қызмет көрсету қабілеттерін шектемейді.

Дозировка и способ применения

Взрослым и детям старше 12 лет. Наносят небольшое количество крема на пораженную поверхность кожи, 1-2 раза в день. Не следует применять крем под окклюзионной повязкой. Не следует проводить лечение без перерыва дольше 2 недель.
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға. Кремнің аздаған мөлшерін терінің зақымданған сыртына күніне 1-2 рет жағады. Кремді окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн. Емді үзіліссіз 2 аптадан астам жүргізуге болмайды.

Взаимодействие с лекарствами

Во время лечения кремом Бетадерм® не следует делать прививки против оспы, а также проводить другие виды иммунизации, в связи с опасностью появления иммунологического дефицита в виде обнаружения антител. Усиливает действие иммуносупрессивных препаратов и ослабляет действие иммуностимулирующих препаратов.
Бетадерм® кремімен емдеу кезінде, антидененің табылуы түрінде білінетін иммунологиялық тапшылықтың пайда болу қаупіне байланысты, шешекке қарсы егу жасамаған, сондай-ақ иммунизацияның басқа түрлерін жүргізбеген жөн. Иммуносупрессивті препараттардың әсерін күшейтеді және иммунитетті ынталандыратын препараттардың әсерін әлсіретеді.

Передозировка бетадермом в креме

Может наблюдаться после длительного применения на обширной поверхности кожи.

Симптомы
: уменьшение резистентности организма к инфекциям, гипертензия, отеки, симптомы болезни Кушинга.

Лечение
: симптомы передозировки проходят после отмены препарата.
Терінің ауқымды бетіне ұзақ уақытқа қолданғанда артық дозалану байқалуы мүмкін.

Симптомдары
: организмнің жұқпаларға төзімділігінің азаюы, гипертензия, ісінулер, Кушинг ауруының белгілері.

Емдеу
: артық дозалану белгілері препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін жоғалады.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Бетаметазона дипропионат легко всасывается через роговой слой кожи. Биотрансформируется главным образом в печени. В виде соединений с глюкуроновой кислотой и в небольшом количестве в неизмененном виде выводится в основном с мочой и в меньшем количестве - с желчью. Всасывание бетаметазона дипропионата через кожу увеличивается при применении на нежной коже в области складок, при применении на коже с поврежденным эпидермисом или коже, поврежденной воспалительным процессом. Всасывание увеличивается при частом применении лекарственного средства или после применения на значительной поверхности кожи. Всасывание бетаметазона дипропионата через кожу у детей происходит быстрее, чем у взрослых. Гентамицина сульфат после наружного применения на неповрежденную кожу не абсорбируется. При применении на поврежденную кожу может всасываться в кровяное русло. Гентамицина сульфат не биотрансформируется в организме и выводится с мочой в неизмененном виде.
Бетаметазон дипропионаты терінің қасаң қабығы арқылы оңай сіңеді. Негізінен бауырда биоөзгеріске ұшырайды. Глюкурон қышқылымен қосылыс түрінде және аздаған мөлшерде өзгермеген күйінде негізінен несеппен бірге және аз мөлшерде өтпен бірге шығарылады. Бетаметазон дипропионатының тері арқылы сіңуі қыртысты аймақтың жұқа терісіне қолданған кезде, эпидермисі зақымданған теріге немесе қабыну үдерісінен зақымданған теріге қолданған кезде артады. Дәрілік затты жиі қолданғанда немесе терінің ауқымды бетіне қолданғаннан кейін сіңуі артады. Бетаметазон дипропионатының тері арқылы сіңуі балаларда, ересектерге қарағанда, тезірек жүреді. Зақымданбаған терінің сыртына қолданғанда гентамицин сульфаты сіңбейді. Зақымданған теріге қолданған кезде қан арнасына сіңуі мүмкін. Гентамицин сульфаты организмде биоөзгеріске ұшырамайды және несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады.

Фармакодинамика

Свойства крема Бетадерм® обусловлены сочетанным действием бетаметазона дипропионата и гентамицина сульфата.

Бетаметазона дипропионат является синтетическим фтористым производным гидрокортизона, оказывает сильное противовоспалительное, противозудное, противоаллергическое и сосудосуживающее действие. Обладает липофильными свойствами и легко проникает через кожу в организм. Уменьшает воспалительные процессы путем угнетения продукции простагландинов и лейкотриенов, вследствие угнетения активности фосфолипазы А2 и уменьшения освобождения арахидоновой кислоты из фосфолипидов клеточных мембран, а также оказывает противоаллергическое действие путем угнетения развития местных аллергических реакций. Вследствие местного, сосудосуживающего действия уменьшает экссудативные реакции. Уменьшает синтез белка, отложение коллагена. Ускоряет биотрансформацию белков в коже и ослабляет пролиферативные процессы.

Гентамицина сульфат относится к антибиотикам из группы аминогликозидов. Бактерицидное действие обусловлено нарушением структуры и функции цитоплазматической мембраны, нарушением синтеза РНК на уровне 30S-субъединицы рибосом. Активен по отношению к Streptococus spp. (бета-гемолитические и альфа-гемолитические группы А), Staphylococcus spp. (коагулазо-положительные и коагулазо-отрицательные и некоторые штаммы, продуцирующие пенициллиназу), грамотрицательным бактериям, а именно: Escherichia coli, Proteus spp., Pseudomonas aeruginosa, а также Klebsiella spp., Enterobaсter spp., Serratia spp., Citrobaсter spp., Salmonella spp., Shigella spp.
Бетадерм® кремінің қасиеттері бетаметазон дипропионаты мен гентамицин сульфатының біріктірілген қасиеттерімен жүзеге асырылады.

Бетаметазон дипропионаты гидрокортизонның синтетикалық фторлы туындысы болып табылады, қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы және қантамырларын кеңейтетін күшті әсер береді. Липофильді қасиеттері бар және тері арқылы организмге оңай енеді. Қабыну үдерістерін А2 фосфолипаза белсенділігінің басылуы және арахидон қышқылының жасуша мембраналарының фосфолипидтерінен босап шығуының азаюы салдарынан простагландиндердің және лейкотриендердің өндірілуін басу арқылы азайтады, сондай-ақ жергілікті аллергиялық реакциялардың дамуын басу арқылы аллергияға қарсы әсер етеді. Жергілікті әсері және қантамырын тарылтуы салдарынан экссудативті реакцияларды азайтады. Ақуыз синтезін, коллагеннің жиналып қалуын азайтады. Теріде ақуыздардың биоөзгеріске ұшырауын жылдамдатады және пролиферациялық үдерістерді әлсіретеді.

Гентамицин сульфаты аминогликозидтер тобының антибиотиктеріне жатады. Бактерицидтік әсері цитоплазмалық мембрана құрылысының және қызметінің бұзылуымен, РНҚ синтезінің рибосомалардың 30S-суббірлігі деңгейінде бұзылуымен жүзеге асырылады. Мыналарға қарсы әсері белсенді: Streptococus spp. (бета-гемолитикалық және альфа-гемолитикалық А тобы), Staphylococcus spp. (коагулазо-оң мен коагулазо-теріс және пенициллиназаны жасап шығаратын кейбір штамдар), грамтеріс бактериялар, атап айтқанда: Escherichia coli, Proteus spp., Pseudomonas aeruginosa, сондай-ақ Klebsiella spp., Enterobaсter spp., Serratia spp., Citrobaсter spp., Salmonella spp., Shigella spp.

Упаковка и форма выпуска

Крем 15 г в алюминиевой тубе, упакованной в картонную коробку вместе с инструкцией по применению на государственном и русском языках.
Алюминий сықпада 15 г крем, ол қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.